$ 479.38  531.63  5.27

Бокстан Азия чемпионатының финалына 9 спортшымыз шықты

Айта кетейік, Әли Әбдікамал мен Жәдігер Мүсірәлі құрлық додасының қола медалін місе тұтты. 

Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz

Бокстан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына 9 қазақстандық боксшы жолдама алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алғашқы финалистер анықталды. 2010-2011 жылы туылған жасөспірімдер арасында 9 боксшымыз финалға шықты. Назарларыңыз Азия чемпионатының алтынына таласатын боксшыларымыздың тізімін ұсынамыз:

35 келі. Абылай Досымбеков

40 келі. Бекхан Оразбаев

43 келі. Жұмағали Нұрмұхан

46 келі. Әмір Мұхит

52 келі. Нұрислам Оңалбек

55 келі. Әбдімансұр Жақсылық

61 келі. Алиимран Алиев

64 келі. Төрехан Қанатбай

70 келі. Мансұр Амантай

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары