Енді Қазақстан 9 қыркүйекте Словениямен кездеседі.
Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасындағы алғашқы ойынын Норвегиямен өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
1bol.kz сайтының жазуынша, Норвегия бапкері Столе Сольбаккен алғашқы минуттан Мартин Эдегор, Эрлинг Холанд, Александер Серлот секілді мықтыларын шығарды.
Қазақстан бапкері Станислав Черчесов Магомед Адиевтің кезінде құрамдардан аса қатты өзгеріс жасай қойған жоқ. Тек қорғаушы Әлібек Қасымның бірінші минуттан алаңға шыққанын ғана айтуға болатын шығар.
Екі құрама қанша тырысқанымен, 90 минутта бірде-бір гол соға алмады. Сөйтіп, Қазақстан Ұлттар лигасындағы алғашқы ұпай еншіледі. Англия премьер-лигасының үздік сұрмергені Эрлинг Холанд Алматыдан қанжығасы майланбай бос кетті.
Енді Қазақстан 9 қыркүйекте Словениямен кездеседі.