07.09.2024, 13:30

Ризабек Айтмұхан күрестен әлем чемпионатының финалына шықты

Фото: olympic.kz

Жартылай финалдық белдесуде Ризабек америкалық қарсыласын 9:1 есебімен жеңді. 

Испанияның Понтеведра қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Ризабек Айтмұхан финалға шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жартылай финалдық белдесуде Ризабек америкалық қарсыласын 9:1 есебімен жеңді. 

Турнир барысында ол Грекия және Иран балуандарын ірі есеппен ұтқан еді.

Финалда Ризабек Айтмұхан әзербайжандық Хетаг Карсановпен белдеседі.

Алтын медаль үшін өтетін кездесу ертеңге жоспарланған.