$ 478.93  534.96  5.16

Боксшы Махмұд Сабырхан шаңырақ көтерді

Ол Париж Олимпиадасында сынға түскен болатын.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

2023 жылы әлем чемпионы атанған белгілі қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан шаңырақ көтерді. Бұл туралы «Оңтүстік» телеарнасының редакторы Гүлсанат Қалмырзақызы жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Сүйінші! Махмұд Сабырхан ұлдарыңыз үйленіп, бір басы екеу болды. Мың сұлудың ішінен бір сұлуды таңдап, көз алдымызда өскен Назым қыз келін болып шыға келді. Мырзағали ағамыздың тұңғышы. Той керемет болды. Құдалық мың жылдық болсын, Мырзағали аға! Жастар бақытты болсын», – деп жазды журналист.

Айта кетейік, Махмұд Сабырхан Қазақстан бокс құрамасының мүшесі. Париж Олимпиадасында 57 келі салмаққа дейінгілер арасында сынға түсіп, алғашқы кезеңде испаниялық Хосе Кильестен жеңіліп қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 21
Ұнамайды 6
Күлкілі 7
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары