11.09.2024, 12:40

Мен тек қазақтар үшін жауап беремін – Станислав Черчесов

Фото: © Matthias Hangst / Staff / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

Шешенстанда дүниеге келген Умаев көктемде Қазақстан азаматтығын алады деп айтылған. 

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов «Ақтөбе» шабуылшысы Идрис Умаев туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Шешенстанда дүниеге келген Умаев көктемде Қазақстан азаматтығын алады деп айтылған. 

“Умаевта дәл қазір ешқандай төлқұжат жоқ.  Мен тек қазақтар үшін жауап беремін. Ол жақсы жігіт. Алайда азаматтығы болмағандықтан тізімде емес”, - дейді Черчесов.

Бұған дейін шабуылшы Қазақстан азаматтығын алуға құжаттар тапсырып қойғанын, күтіп отырғанын айтқан.