$ 478.96  533.03  5.22

Танымал тұлпар Қабирхан бүгін Көшпенділер ойындарындағы бәйгеге қатыса ма

Тамызда Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Қайырхан Мәулен сәйгүлік Қабирхан Көшпенділер ойындарына қатысуы мүмкін екенін айтқан еді.

Фото: facebook.com/redstablesdubai
Фото: facebook.com/redstablesdubai

Бүгін, 13 қыркүйекте Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бәйге өтеді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Көшпенділер ойындарында ұшқыр бәйге (1600 метр, 2400 метр, 3200 метр), жорға (9 км), құнан бәйге (11 км), топ бәйге (18 км), аламан бәйгеден (25 км) жүлделер сарапқа салынады. Қазақстан бәйге федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қабирхан бүгінгі сайысқа қатыспайды.

Тамызда Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Қайырхан Мәулен сәйгүлік Қабирхан Көшпенділер ойындарына қатысуы мүмкін екенін айтқан еді.

Еске салайық, Қабирхан қаңтарда Дубайда өткен екі бәйгеде де жеңіске жетті. Ал наурызда болған әлем кубогінде мәре сызығын сегізінші болып кесті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары