17.09.2024, 19:00

Ғұсман Қырғызбаевқа жерлестері қымбат көлік пен жылқы мінгізді (ВИДЕО)

Фото: instagram/turkistan_judo_federation

Дзюдошыны жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. 

Дзюдодан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа жерлестері көлік пен жылқы мінгізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Түркістан облысы дзюдо федерациясының ақпаратынша, Темірлан ауданының тұрғындары Ғұсман Қырғызбаевты салтанатты түрде қарсы алған. Жерлестері дзюдошыға автокөлік сыйласа, Түркістан облысы дзюдо федерациясының президенті Хамиддин Жарқынбеков федерация және өз атынан жылқы мінгізген.

Еске салсақ, Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасында дзюдодан 66 кг салмақ дәрежесінде бақ сынап, қола жүлде жеңіп алған еді.