20.09.2024, 13:20

Олимпиадада жүлде күткен екі боксшы Шымкенттегі турнирден шеттетілді

Фото: olympic.kz

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының ресми өкілі Рауан Игенев мәлімдеді. 

Бокстан 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Шымкентте Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді. Оған Қазақстан құрамасының кейбір белді боксшылары қатыспайды, – деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы msports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұған дейін ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов Шымкенттегі жарысқа Олимпиаданың күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайдан басқалары қатысады деп айтқан еді. Бүгін белгілі болғандай, бұл жарысқа Асланбек Шымбергенов (71 келі) пен Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі) та қатыспайды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының ресми өкілі Рауан Игенев мәлімдеді. 

Айта кетейік, үш боксшы да Париж Олимпиадасында бақ сынаған болатын. Олардың қатарынан тек Нұрбек Оралбай ғана күміс медальмен оралды.