Енді Қазақстан құрамасы плей-офф сатысында С тобының жеңімпазымен (Португалия немесе Морокко) жолығады.
Футзалдан Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші кезеңінде Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландиямен кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айта кетейік, алғашқы екі турдың нәтижесі бойынша D тобынан Қазақстан мен Испания құрамалары плей-офф сатысына шығып қойған.
Алайда, топтағы бірінші орын үшін екі құрама да үшінші турда өз қарсыластарын ірі есеппен жеңуі қажет еді.
Нәтижесінде, Испания Ливияны 8:0 есебімен жеңсе, Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландияны 10:0 қылды. Бірақ топтағы жетекшілік Испанияның еншісінде қалды.
Қазақстанның Жаңа Зеландиямен кездесуінде Ринат Төреғазин 8, Ақжол Дәрібай 11, Арнольд Кнауб 14, 15, 20, 22, 36, Лео Жарагуа 21, 29-минутта гол соқса, 30-минутта Жаңа Зеландия сапынан Логан Висневски автогол авторы атанды.