$ 479.23  534.96  5.16

Біршама үзілістен кейін боксшы Санжар Тәшкенбай мәлімдеме жасады

Біршама үзілістен кейін бұл қатысып жатқан алғашқы жарысым.

Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz

Санжар Тәшкенбай біршама үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралды. Ол 29 қыркүйекте Шымкентте қаласындағы бокс клубының спорт кешенінде өтетін Қарақозы Әбдәлиев атындағы халықаралық турнирде өнер көрсететін болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жарысқа ұлттық құрамадан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина құрамаларының спортшылары қатысады. 

"Жаттығуды бастап кеттік. Шымкенттеміз. Алла қаласа, 29 қыркүйекте жарыс басталады. Біршама үзілістен кейін бұл қатысып жатқан алғашқы жарысым. Қайрат ағайдың бастамасымен жиын жақсы өтіп жатыр", - дейді Санжар Тәшкенбай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары