23.09.2024, 11:20

Рыбакина тағы бір ірі халықаралық турнирге қатысудан бас тартты

Фото: Instagram/lenarybakina

Ол АҚШ-тың Ашық чемпионаты мен Сеулдегі Әлем чемпионатына қатыспады.

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан WTA-1000 халықаралық турниріне қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Рыбакинаның мұндай шешім қабылдауына арқасындағы жарақаты түрткі болды. 2023 жылы ол тура осы жарыстың жартылай финалына дейін жеткен болатын.

Рыбакина осымен үшінші турнирге қатысудан бас тартып отыр. Ол АҚШ-тың Ашық чемпионаты мен Сеулдегі Әлем чемпионатына қатыспады.