Қазақстандық спортшы уақытша чемпиондық белбеудің иегері атанды.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Саламат Исбулаев Alash Pride 100 турнирінде дағыстандық қарсыласын нокаутпен ұтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Саламат Исбулаев Ақтөбе қаласында өткен Alash Pride 100 турнирінің басты жекпе-жектерінің бірінде өнер көрсетіп, жарқын жеңіске жетті. 70 келі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз дағыстандық Муслим Нурмагомедовқа қарсы жұдырықтасып, екінші раундта нокаутпен ұтты. Осылайша Саламат Alash Pride тұжырымы бойынша уақытша чемпиондық белбеудің иегері атанды.
Айта кетейік, Саламат Исбуллаев шаршы алаңда 6 жекпе-жек өткізіп, соның барлығында жеңіске жеткен спортшы. Ол Ақтөбедегі “Еркін күш” клубында жаттығады.