23.09.2024, 18:40

«Күресе алмайды»: Ресейлік балуан Шавкат Рахмонов жайлы тосын мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Фото: vesti.kz

Чимаев қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмоновқа 5 деген баға берді. 

UFC-дің орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Хамзат Чимаев қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

TikTok желісінде UFC файтері Хамзат Чимаевтың қатысуымен видео жарияланды. Аталмыш видеода Хамзат қарсыластарын 0-ден 10-ға дейінгі ұпай аралығында бағалады. Чимаев қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмоновқа 5 деген баға берді.

"Шавкаттың соққысы жақсы және өзі де соққы көтере біледі. Бірақ ол күреске жоқ", - деді Хамзат Чимаев.

Сондай-ақ Хамзат Чимаев басқа да қарсыластарын бағалап өтті. Шон Стриклендке – 5, Исраэль Адесаньяға – 5-6, Роберт Уиттакерге – 3-4, Леон Эдвардсқа – 2-3 деген бағаны берді. Ал ең жоғары бағаны UFC-дің ауыр салмақтағы чемпионы Джон Джонсқа (9 ұпай) берді.

Еске салайық, Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанында өткізген еді. Ол америкалық Стивен Томпсонды екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесіндегі рейтингісінде Шавкат Рахмонов 3-орында тұр, ал Хамзат Чимаев орта салмақ дивизионында 12-орынға жайғасқан.