24.09.2024, 10:20

Қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қола жүлде алды

Фото: Sports.kz

81 келіге дейінгі салмақта Сәулебеков қоссайыста (154+190) 344 келі нәтижемен өнер көрсетті.

Қазақстандық ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков Испанияның Леон қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

81 келіге дейінгі салмақта Сәулебеков қоссайыста (154+190) 344 келі нәтижемен өнер көрсетті. Осы көрсеткіштің арқасында Ерасыл серпе көтеруде күміс, құрама сайыста қола медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы 73 келіге дейінгі салмақта 17 жасқа дейінгі екі дүркін әлем чемпионы (Мексика 2022, Албания 2023), сонымен қатар Қазақстан Республикасының рекордшысы.