$ 479.23  534.96  5.16

Зарина Диас Қытайдағы турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды

Іріктеу бәсекесінің финалдық кезеңінде Зарина британиялық Хитер Уотсонды екі сетте оңай жеңді.

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Бейжіңдегі (Қытай) WTA 1000 санатындағы турнирдің негізгі кезеңіне өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Іріктеу бәсекесінің финалдық кезеңінде Зарина британиялық Хитер Уотсонды екі сетте оңай жеңді. Алғашқы партия 6:0, екіншісі 6:2 есебімен аяқталды. Бұған дейін Зарина Дияс кеше Ребека Машаровадан басым түскен.

WTA 1000 China Open-2024 турнирінің негізгі кезеңі 25 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары