Ал серпе көтеруде 172 келіні басынан асырды.
Қазақстандық ауыр атлет Едіге Емберді Испанияның Леон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Астана қаласының намысын қорғайтын спортшы 2022 жылы 17 жасқа дейінгі кіші жассөспірімдер арасында әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын.
Сол додада қазақстандық зілтемірші жұлқа көтеруде 134 келіні бағындырып, жалпы есепте топ бастады. Ал серпе көтеруде 172 келіні басынан асырды. Бұл әлемдік рекорд саналады.
Ал 2023 жылы Едіге жасөспірімдер арасында жеңіс тұғырына көтерілді.