Қазақстандық балуан қыз әлем чемпионы болуы үшін барын салады.
Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының үздігі Жәмила Бақбергенова Албанияда өтетін әлем чемпионатында бақ сынайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Париж олимпиадасына жолдама ала алмаған Жәмила Бақбергенова Албания астанасы Тиранада өтетін әлем чемпионатында бақ сынайды. Албания астанасы Тиранада күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында және олимпиадалық емес салмақтардағы ересектер арасында әлем біріншілігі өтеді. Бұл дүрмекке Жәмила Бақбергенова бастаған қыздар құрамасы да сынға түсіп, әлем чемпионы атануға тырысады. 29-31 қазан аралығында өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін ұсынамыз:
55 келі. Зульфия Яхьярова
59 келі. Диана Каюмова
65 келі. Ирина Казюлина
72 келі. Жәмила Бақбергенова
Айта кетейік, Албания астанасында күрестің үш түрінен 4 салмақ дәрежесінде әлем чемпиондары анықталады.