25.09.2024, 22:30

Шавкат Рахмоновтың ізбасары саналатын талантты спортшы жекпе-жекке шықпақ

Фото: abay_zhalal Instagram парақшасынан алынды

“Профессор” лақап атымен танылған спортшының бұл кәсіби мансабындағы алтыншы жекпе-жегі болмақ.

Аралас жекпе-жектен Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Абай Жалал Octagon 63 турнирінде  жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шавкат Рахмоновтың ізбасары саналатын талантты жас спортшы Абай Жалал Octagon 63, турнирінде өнер көрсетеі. 61 келіде сынға түсетін Абай 27 қыркүйек күні өтетін турнирде өзбекстандық Дилшод Кубайевқа (4-2) қарсы жұдырықтасады. “Профессор” лақап атымен танылған спортшының бұл кәсіби мансабындағы алтыншы жекпе-жегі болмақ. Ол осы уақытқа дейінгі жекпе-жектерінің барлығын уақытынан бұрын жеңген болатын.