$ 479.23  534.96  5.16

Рамазан Оразов еуропалық клуб сапындағы екінші голын соғып, командасына жеңіс сыйлады

Рамазан Оразов 90+3 минутта гол соғып, командасына жеңіс сыйлады. 

Фото: Sport plus Qazaqstan
Фото: Sport plus Qazaqstan

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов даниялық "Силькеборг" сапындағы екінші голын соқты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кеше, 25 қыркүйекте "Силькеборг" клубы Дания ұлттық кубогының 1/16 финалдық кезеңі аясында "Роскилле" командасымен сырт алаңда ойын өткізді. Аталмыш кездесу "Силькеборг" клубының жеңісімен аяқталды. Бұл кездесуді Рамазан Оразов қосалқы құрамда бастады. Қазақстандық футболшы командаласы Юнес Бакиздің орнына 73-минутта алаңға шықты.

Сондай-ақ Рамазан Оразов 90+3 минутта гол соғып, командасына жеңіс сыйлады. Рамазан Оразов "Силькеборг" сапындағы бірінші голын салды. Ойынның нәтижесі бойынша "Силкеборг" 3:1 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің 1/8 финалына жолдама алды. Айта кетейік, Рамазан Оразов биыл маусым айының соңында "Ақтөбемен" қош айтысып, даниялық "Силькеборгтың" сапына қосылған болатын.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары