$ 479.23  534.96  5.16

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы он екінші жекпе-жегін өткізеді

Ал қарсыласы бұған дейін 28 мәрте шаршы алаңға шыққан. 

Фото: instagram.com/ yeleussinovdaniyar
Фото: instagram.com/ yeleussinovdaniyar

Кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов 28 қыркүйекте «Алматы Аренада» өтетін бокс кешінде филиппиндік Джо Нойнэймен қолғап түйістіреді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл қазақстандық былғары қолғап шеберінің кәсіби мансабындағы он екінші жекпе-жегі болады.

Аталған кеш барысында бокс ережесі бойынша еліміздің ММА спортшылары Қуат Хамитов пен Нұрберген Шәріпов алғашқы кездесуін өткізеді.

Бокс кешінде еліміздің спортшыларымен бірге Ресей мен Әзірбайжаннан келген кәсіпқой былғары қолғап шеберлері сайысқа түседі. 

Бұл бокс кеші «Qazsport» телеарнасы арқылы 28 қыркүйекте 17:30–да тікелей эфирден көрсетіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары