28.09.2024, 12:30

Астанада Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді

Фото: tengrinews.kz

Жарысқа 31 елден 120-ға жуық спортшы қатысады деп жоспарланған.

Елордада спортшы Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы рrosports.kz-ке сілтеме жасап. 

Астанада 3-5 қазан күндері мәнерлеп сырғанаудан «Denis Ten Memorial Challenge 2024» V Халықаралық турнирі өтеді.

Жарыс Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған. 

Турнирге 31 елден 120-ға жуық спортшы қатысады деп жоспарланған.

Қатысушылар қатарында Диас Жиренбаев (Қазақстан), Даниэль Грассль (Италия), Анастасия Губанова (Грузия), Старр Эндрюс (АҚШ), Алекса Ракич (Канада), Йе Куан және Ханна Лим (Оңтүстік Корея) және басқалары бар.

Жарыс «Барыс Арена» спорт кешенінде жеке конькимен сырғанау, мұз биі бойынша жасөспірімдер мен ересектер санаттарында өтеді.