28.09.2024, 16:30

«Лига тарихындағы ең жылдам жеңіс»: Қазақ спортшысы қарсыласын 8 секундта нокаутқа түсірді

Фото: instagram.com/erkebulan_toktar/

Жеңіл салмақта өткен жекпе-жекте отандасымыз лига тарихындағы ең жылдам жеңістердің бірін тіркеді.

Octagon 63 турнирінде жекпе-жекке шыққан Еркебұлан Тоқтар үндістандық қарсыласын 8 секундта сұлатып салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қазақстандық танымал актер, әрі спортшы Еркебұлан Тоқтар кезекті жекпе-жегін Octagon 63 турнирінде өткізіп, 8 секундта жеңіске жетті. Қазақстандық актер тәжірибелі үндістандық Кушал Вясқа (11-16) қарсы жұдырықтасып, қарсыласын алғашқы раундта-ақ нокаутқа жіберіп, кезекті жеңісіне қол жеткізді. Жеңіл салмақта өткен жекпе-жекте отандасымыз лига тарихындағы ең жылдам жеңістердің бірін тіркеді.

Айта кетейік, Еркебұлан бұған дейінгі жекпе-жегін Octagon 56 турнирінде өткізіп, байырғы қарсыласы өзбекстандық Одилхон Камоловты айқын басымдықпен ұтқан еді. Бұл оның шаршы алаңдағы сегізінші жеңісі.