29.09.2024, 19:30

Қазақстандық каратэшілер Астраханьда 60 медаль жеңіп алды

Фото: azh.kz

22 қыркүйекте Астрахань қаласында каратэден біліктілік турнирі өтті.

Атыраулық каратэшілер Астраханьда 60 медаль жеңіп алды. 22 қыркүйекте Астрахань қаласында каратэден біліктілік турнирі өтті. Оған Шешенстан, Дағыстан, Краснодар, сондай-ақ Қазақстаннан 300-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Атыраулық спортшылар тамаша нәтиже көрсетіп, бір командалық орынды жеңіп алды.

Турнир нәтижесінде атыраулық спортшылар 21 алтын, 18 күміс және 21 қола медаль жеңіп алды. Спортшыларды Таңат Нұрымов, Мұрат Жолдасов, Андрей Котов, Александр Грузинцев, Рүстем Байбосынов, Ақылбек Садырбеков, Данияр Есенғұлов, Мұстафа Сағындықов және Данияр Гилманов дайындады.