30.09.2024, 17:40

Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович жекпе-жегін қайдан көруге болады

Фото: «Qazsport» телеарнасы

Эфир уақыты қосымша хабарланады.

WBO/IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) 4 қазанда жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қазақcтандық боксшы Жәнібек «Qazaq Style» Әлімханұлы (15-0, 10КО) кәсіпқой рингтегі 16 жекпе-жегін жаңа зеландиялық Андрей «Renegade» Михайловичке (20-0, 12КО) қарсы өткізейін деп отыр. Жоспарланған жекпе-жек Аустралияның Сидней қаласында өтеді. Кәсіпқой бокс кешін 4 қазан күні «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен көре аласыздар. Эфир уақыты қосымша хабарланады.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович шілде айында жекпе-жекке шығуы керек еді. Алайда кездесу алдында «Қазақ стилі» салмақ қуамын деп, сәтсіздікке ұшырап, ағзаға су жетіспеушілігінен есінен танып, ауруханаға түскен болатын.