$ 484.11  528.79  5.03

«Жын шығарғандай»: Жаттықтырушының жекпе-жек алдында спортшыға не айтқаны белгілі болды (ВИДЕО)

Оның сөзінен кейін спортшы әсері басқаша болған еді. 

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Өткен аптада қазақстандық спортшы Қазбек Сағынның жекпе-жек алдындағы әрекеті әлеуметтік желіге жылдам тараған еді. Бұған қатысты спортшының бапкері түсінік бере кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Спортшыға қолдау білдіріп, демеу көрсеткен жаттықтырушысы Эдуард Базров болатын. Оның сөзінен кейін спортшы әсері басқаша болған еді. 

Әр спортшының жекпе-жекке шығуы әртүрлі. Біреулер өздері дайындалып, өздері күш-жігерін бойына жинап шығады. Біреулерге қолдау керек, демеу беру маңызды. Мен де соны жасадым, ал ол көзін жұмып, жекпе-жек жайын елестеткен болуы керек. Ол өзін осылай дайындады. Сондықтан да солай көрінді... Адамды танып, оған күш беретін сөз айту керек. Кейде жаттықтырушылар ойын дұрыс айтпай, спортшыны қайрай алмай жатады. Үш жарым жыл ішінде бір-бірімізді жақсы түсінісетін болдық. Оны жігерлендіретін сөздерді жақсы білемін. Өзі де іштей дайын болып шығады. Менің сөзімде еш құпия жоқ. Жанында екенін айтып, бұрышта тактикалық бағдар беріп тұратынымызды айттым. Мықты екеніңді дәлелде дедім, – дейді Эдуард Базров. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары