04.10.2024, 13:00

Жәнібек Әлімханұлының бүгінгі жекпе-жегін қайдан көруге болады?

Фото: Top Rank

Оның қарсыласы Жаңа Зеландиядан келген Андрей Михайлович.

Бүгін, 4 қазанда орта салмақтағы IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) алғаш рет Сиднейде (Аустралия) жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қарсыласы жаңазеландиялық боксшы Андрей Михайлович (21-0, 13 КО).    Қазақстандық кәсіпқой титулдарын қорғайтын бұл айқасты Qazsport тікелей көрсетеді. Трансляцияның басталуы Астана уақытымен 14:00.