Оңтүстік Кореядағы Чунчхон қаласында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде түсті.
Қазақстандық таеквондошы Нұрали Махмұт жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оңтүстік Кореядағы Чунчхон қаласында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде түсті. 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрали Махмұт күміс жүлде иеленді. Финалдық кездесуде Махмұт ирандық Сина Мохтарамиден жеңіліп қалды. Ал үшінші орынды ресейлік Азат Бесаев пен Қытайдан келген Хаожань Тан бөлісті.
Айта кетелік, бұған дейін аталған додада Нұрай Қазнабек 59 келіге дейінгі салмақта күміс жүлде жеңіп алғанын жазған едік.