Жәнібек Әлімханұлы мен жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен жекпе-жек өткізіп жатыр.
Сиднейде өткен кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) жаңазеландиялық Андрей Михайловичті 9-раундта нокаутпен жеңді. (21-1, 13 КО), деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Осылайша отандасымыз орта салмақтың екі чемпиондық (WBO,IBF) титулын қорғады.
Бокс кеші тікелей эфирде “Қазспорттан” көрсетілуде.
Сонымен қатар, жекпе-жек алдында ұйымдастырушылар Қазақстанның ескі әнұранын қосып жіберді. Жәнібек Әлімханұлының командасы қателікті көрсетіп, әрекет жасағанымен қазіргі әнұран орындалмады. Бұған аренадағы қазақ жанкүйерлері де наразылық білдірді.