07.10.2024, 12:40

Демеу Жадыраев қай футбол клубына жанкүйер екенін айтты (ВИДЕО)

Ал Қазақстанда "Қайратты" қолдаймын.

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев бос уақытында футбол ойнағанды және көргенді ұнататынын айтты. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы "Қызық Times" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық балуан Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен 77 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп, күміс медаль жеңіл алған еді. Ол финалда жапон спортшысы Нао Кусакадан 5:2 есебімен жеңілді. Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев бос уақытында футбол ойнағанды ұнататынын "Қызық Times" бағдарламасына келгенде айтты.

"Футболды жақсы көремін. Испаниялық "Атлетико Мадридке" жанкүйермін. Ал Қазақстанда "Қайратты" қолдаймын", - деді балуан.

Айта кетейік, Демеу Жадыраев Париж боз кілеміндегі алғашқы белдесуінде Колумбия спортшысы Джейр Куеромен күресіп, мерзімінен бұрын 8:0 есебімен жеңген еді. Кейін ол ширек финалда екі дүркін әлем чемпионы қырғызстандық Ақжол Махмудовтан басым түсті.