08.10.2024, 13:20

«Біткен жерің осы болмақ!»: Жәнібек Әлімханұлы келесі қарсыластарына үндеу жасады

Фото: Getty Images

Тағы кім үміткер болғысы келеді?

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 10 КО) өз салмағындағы басқа қарсыластарға үндеу жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен болған соңғы жекпе-жекте түскен суретін бөлісіп, өзінің кез келген қарсыласын сұлатып салуға дайын екенін айтқан.

"Мен саған орта салмақтың королімін деп айттым ғой! Егер сен король атағына үміткер болсаң, онда сенің біткен жерің осы болмақ! Тағы кім үміткер болғысы келеді?", – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, 4 қазанда Жәнібек Әлімханұлы Аустралияның Сидней қаласында өткен жекпе-жекте Андрей Михайловичті 9-раундта сұлатып салған болатын.

Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы кәсіби мансабындағы он алтыншы жекпе-жегін жеңіспен аяқтап, IBF және WBO титулдарын сәтті қорғады, ал Андрей Михайлович өз мансабында алғашқы жеңілісіне ұшырады.