Байрақты бәсекеде 6 балуанымыз бақ сынайды.
Қазақстан дзюдо құрамасы әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
14-20 қазан аралығында Ташкентте әскери қызметкерлер арасындағы дзюдодан әлем чемпионаты өтеді. Қазақстандық дзюдошыларда бұл байрақты бәсекеде бақ сынайды. Назарларыңызға Қазақстан командасының құрамын ұсынамыз:
- 48 келі: Ғалия Тынбаева
- 60 келі: Шерзод Давлатов
- 66 келі: Жанарыс Рахметқали және Нұрқанат Серікбаев
- 70 келі: Екатерина Токарева
- 73 келі: Бахытжан Абдурахманов
- + 78 келі: Камила Берліқаш
Айта кетейік, бұған дейін Әбу-Дабидегі Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошыларымыздың белгілі болғанын жазған едік.