Байрақты бәсекеде 6 балуанымыз бақ сынайды.
Қазақстан дзюдо құрамасы әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
14-20 қазан аралығында Ташкентте әскери қызметкерлер арасындағы дзюдодан әлем чемпионаты өтеді. Қазақстандық дзюдошыларда бұл байрақты бәсекеде бақ сынайды. Назарларыңызға Қазақстан командасының құрамын ұсынамыз:
- 48 келі: Ғалия Тынбаева - 60 келі: Шерзод Давлатов - 66 келі: Жанарыс Рахметқали және Нұрқанат Серікбаев - 70 келі: Екатерина Токарева - 73 келі: Бахытжан Абдурахманов - + 78 келі: Камила Берліқаш
Айта кетейік, бұған дейін Әбу-Дабидегі Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошыларымыздың белгілі болғанын жазған едік.