Ұйым міндетті жекпе-жек туралы хабарламаны екі боксшының промоутерлеріне ескерткен.
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына (16-0, 11КО) міндетті қарсылас белгіледі. WBO ұйымының ресми хабарламасына сәйкес, Қазақстандық боксшы орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын ұлыбританиялық боксшы Хамза Ширазға (21-0,17КО) қарсы қорғауы керек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
WBO ұйымы міндетті жекпе-жек туралы хабарламаны екі боксшының промоутерлеріне ескерткен. Қос тарапқа жекпе-жек өткізуге келіссөз жүргізу үшін 15 күн берілді. Егер боксшылардың командасы ортақ шешімге келе алмаса, жекпе-жек WBO ережесіне сәйкес бәс саудаға салынады және ең төменгі сома 200 мың доллар көлемінде белгіленген.
Айта кетейік, отандасымыз жұма күні Сиднейде жаңазеландиялық Андрей Михайловичті 9-раундта техникалық нокаутпен жеңіп, орта салмақтағы IBF әлем чемпионы титулын сәтті қорғады.