09.10.2024, 11:00

Дзюдодан әлем чемпионаты елімізде өтетін болды

Фото: instagram.com/erbol_myrzabosynov

Дзюдоның жанкүйерлеріне жақсы жаңалық!

2027 жылы дзюдодан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Министр Будапешттегі сапарында Халықаралық Дзюдо Федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен кездесіп, тиісті келісімге қол қойған.

«Дзюдоның жанкүйерлеріне жақсы жаңалық! 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы келісімге келдік. Бұл еліміз үшін үлкен абырой, әрі қазақстандық спортшылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Өйткені чемпионат Лос Анджелес олимпиадасының қарсаңында өтеді», - деп жазды министр.

Бұдан өзге  Мырзабосынов Қазақстанда Халықаралық Дзюдо Федерациясының академиясының өкілдігін ашу туралы уағдаласқан.