Әбужақынова енді жұбаныш айналымында шаршы алаңға шығады.
Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің ширек финалында дзюдодан Қазақстан командасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова жеңіліс тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айта кетелік, Әбиба Әбужақынова өнер көрсететін 48 келіге дейінгі салмақта барлығы тоғыз спортшы белдеседі. Қазақстандық спортшы турнирді бірден ширек финалдан бастаған.
Бұл раундта ол ресейлік Марина Воробьеваға қарсы тұрды.
Жекпе-жек қарсыластың мерзімінен бұрынғы жеңісімен аяқталды.
Әбужақынова енді жұбаныш айналымында шаршы алаңға шығады.