Шавкат Рахмонов соңғы кездесуін өткен жылдың желтоқсан айында өткізген болатын.
Жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (18-0) келесі жекпе-жегі Лас-Вегаста өтетіні белгілі болды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
UFC Шавкат Рахмоновтың келесі кездесуі туралы хабарлады.
Былғары қолғап шебері Шавкат Рахмонов 310-шы нөмірлі турнирге 7 желтоқсан күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында жұдырықтасады. Оның қарсыласы орта салмақтағы америкалық спортшы Белал Мухаммад (24-3).
Шавкат Рахмонов соңғы кездесуін өткен жылдың желтоқсан айында өткізген болатын. Қарсыласы америкалық Стивен Томпсон (17-7-1) болғанын еске саламыз.
Айта кетейік, Маддалена биыл 10 наурызда Майамиде (АҚШ, Флорида) өткен UFC 299 турнирінде бразилиялық Гилберт Бернсті (22-7) жеңгеннен кейін Рахмоновты жұдырықтасуға шақырған болатын.