13.10.2024, 06:30

Артур Бетербиев жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атанды

Фото: Richard Pelham/Getty Images

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізді.

WBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Артур Бетербиев пен осы дивизиондағы WBA титулының иегері Дмитрий Бивол жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізді. 12 раундқа жоспарланған бұл жекпе-жекте Артур Бетербиев төрешілердің бірыңғай шешімімен (114:114, 115:113, 116:112) жеңіске жетті.

Дмитрий Бивол Қырғызстанда дүниеге келген. Қазіргі уақытта ол Ресей атынан жұдырықтасып жүр. Дмитрий Бивол мансабында 23 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Артур Бетербиев Дағыстанда дүниеге келген. Қазіргі уақытта ол Канада атынан жұдырықтасып жүр. Артур Бетербиев мансабында 20 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Айта кетейік, Артур Бетербиев бұған дейін биыл 14 қаңтарда Каллум Смитті нокаутқа түсіріп жеңіске жеткен болатын. Ал Дмитрий Бивол биыл 2 маусымда ливиялық Малик Зинадты техникалық нокаутпен жеңген еді.