$ 488.11  530.09  5.01

Бүгінгі матчтан кейін ресейлік Станислав Черчесов орнынан кетуі мүмкін

Өзі де мінезі оңай адам емес.

Фото: ҚФФ
Фото: ҚФФ

Мәскеудің «Спартак» және «Динамо» клубтарының директоры болған Юрий Заварзин «Матч ТВ» телеарнасына берген сұхбатында Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов отставкаға кетуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы бес айдан бері ұлттық құраманы Станслав Черчесов жаттықтырып жүр. Бейсенбі күні Черчесовтің бапкерлігімен Қазақстан құрамасы Аустриядан 0:4 есебімен жеңілді. Оның алдында Словениядан 0:3 есебімен ұтылса, Норвегиямен тең тарқасқан (0:0). Үш матчта да Қазақстан футболшылары бірде-бір гол сала алмады.

«Қазақстан құрамасының Аустриядан ірі есеппен ұтылуы – мені таң қалдырған жоқ. Норвегиямен тең түскеннен кейін-ақ бұлар енді ұпай алмайды деп айтқанмын. Меніңше, солай болады. Отставка да жақындап қалған сияқты. Словениямен ойыннан кейін кетуі мүмкін. Станиславтың таңдауы аз, ойыншылардың деңгейі төмен. Өзі де мінезі оңай адам емес. Футболшылары да сол шамалас», - дейді Заварзин.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Алматыда Словенияны қабылдайды. Ойын 18:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары