Қазақстан құрамасы Grand Slam турниріні үш қола медалін еншіледі.
Қазақстандық дзюдошы Назгүл Маратова Абу-Дабиде (БАӘ) Grand Slam турнирінің қола медалін иеленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Назгүл 100 келіден жоғары салмақта ресейлік Анастасия Холодилинамен белдесу өткізді. Голден скорда ресейлік дзюдошы үшінші ескертуін алып, жеңіс Назгүлге берілді.
Тағы бір қазақстандық Карина Такиева осы ауыр салмақта хорватиялық Хелена Вуковичпен татамиде жүздесіп, отандасымыз шидо санымен жеңіліс тапты.
Сонымен, Қазақстан құрамасы Grand Slam турниріні үш қола медалін еншіледі.