$ 487.24  529.34  5.02

Әлемдегі ең қымбат футболшы сотталуы мүмкін

Швециялық басылымның мәліметінше, Киллиан күдіктілердің бірі екенін жазған.

Фото: eurosport.com
Фото: eurosport.com

“Реал Мадрид” және Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбапе қыз зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Sportarena.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Француз Килиан Мбаппе ұлттық құраманың матчтарын өткізіп, Стокгольмге демалуға келген. Ол келгеннен кейін бірнеше күн өткен соң полицияға Мбаппе тұрған қонақ үйде зорлау туралы арыз келіп түскен. Швециялық басылымның мәліметінше, Килиан күдіктілердің бірі екенін жазған. Полиция қонақ үйде тексеру жүргізіп, тергеу жұмысын бастады. Бірақ Мбаппеге қатысты күдік деңгейі - ең төменгілерінің бірі болып шықты.

Айта кетейік, франциялық футболшы бұл ақпараттың жалған екенін айтып, жоққа шығарды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 15
Күлкілі 4
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары