$ 494.87  520.65  4.91

Черчесов қазақ тілі мен ел мәдениетіне құрметпен қарайды — Қазақстан Футбол федерациясы

Федерацияның мәліметінше, бейнежазбада тек үзінділер көрсетілген.

Фото: KazFootball
Фото: KazFootball

Әлеуметтік желіде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тілін кемсітуге тырысқаны туралы бейнематериал кеңінен таралып, қоғам тарапынан наразылық туғызған болатын. ҚР Туризм және спорт министрлігі бұл жағдайға бей-жай қарамай, Қазақстан футбол федерациясына ресми хат жолдап, бас бапкердің әрекетіне қатысты түсініктеме беруді талап етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Әлеуметтік желілерде жарияланған футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тіліне құрмет көрсетпеуіне қатысты видеоға байланысты Қазақстан футбол федерациясы жағдайды түсіндірі өту қажет деп санайды. Жазбада видеоның үзіндісі көрсетілген. Негізі бұл сұрақты Францияның ПСЖ клубының формасын киіп жүрген қазақстандық журналист Бегасыл Сейітқанов баспасөз мәслихатында қойғаннан кейін бас бапкер әзілдеп жауап қайтарған болатын. Станислав Черчесов қазақ тілі мен еліміздің мәдениетіне үлкен құрметпен қарайды, сонымен қатар қазақ тілін белсенді түрде оқып жатқанын мәлімдейміз», — деп түсініктеме берді Футбол федерациясының баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары