16.10.2024, 12:20

Қазақстан жастар құрамасы өз алаңында Шотландияны жеңіп кетті

Фото: Спорт экспресс

Қазақстан іріктеу кезеңінде жалпы тоғыз ұпай еншіледі. 

2025 жылы өтетін футболдан жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан мен Шотландия құрамасы матч өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Есепті 30-минутта Айбар Абдулла ашты. Бірінші тайм жалғыз голмен аяқталды. Екінші таймда Леннон Миллер гол соғып, есепті теңестірді. Кейін Дейн Маррей айып алаңында ереже бұзып, ойыннан қуылды. Пенальти голын Әділбек Жұмаханов соқты. Ян Труфанов үшінші голдың авторы атанды. Алайда ойын аяқталмай тұрып қарсылас командадан Жереми Мюллен гол соғып, ойын 3:2 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды. 

Айта кетейік, Қазақстан іріктеу кезеңінде жалпы тоғыз ұпай еншілеп, В тобын бесінші орынмен аяқтады.