Құрамда Маттссон, Бурдасов, Николишин, Джафяров, Сетдиков, Бочаров, Камалов, Антипин және Хохлов қалды.
«Барыс» хоккей клубының бас директоры Нұрлан Оразбаев алғаш рет баспасөз мәслихатын өткізіп, клубтағы өзгерістер туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Бір-екі күн бұрын Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры бізге ұсыныс жасады. Біз спорт министрімен кездесіп, жұмысымыздың барлық аспектілерін талқыладық. Бүгіннен бастап мен клубтың басшысы ретінде қызмет атқарамын. Менің ұсыныстарым қолдау тапты және осы күннен бастап өзгерістер басталады», – деді Нұрлан Оразбаев.
Сонымен қатар, Оразбаев «Барыс» хоккей клубы Даниил Апальков пен Владислав Кодоланың келісімшарттарын бұзғанын айтты.
«Сонымен бірге, біз барлық легионер – солтүстік америкалық ойыншылардың агенттеріне келісімшартты бұзу туралы хабарламар жібердік. Құрамда Маттссон, Бурдасов, Николишин, Джафяров, Сетдиков, Бочаров, Камалов, Антипин және Хохлов қалды. Қалған ойыншылар – ұлттық құраманың кандидаттары, біздің жергілікті тәрбиеленушілеріміз», – деп толықтырды Оразбаев.