18.10.2024, 13:20

Асу Алмабаевтың UFC-дегі жекпе-жегін қайдан көруге болады?

Фото: Sport Plus

Бұл жекпе-жекте қазақстандық спортшы фаворит саналып отыр.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (20-2) жексенбі күні UFC-дегі төртінші жекпе-жегіне шығады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

UFC Fight Night 245 турнирі Лас-Вегаста өтеді. Асудың қарсыласы - бразилиялық Матеус Николау (19-4-1). Қазақстандықтар бұл жекпе-жекті ұйымның ресми сайтынан көре алады. Қазақстандағы уақытпен сағат түнгі 02:40 шамасында басталады. 

Бұл жекпе-жекте қазақстандық спортшы фаворит саналып отыр. Жекпе-жек жеңілірек салмақ дәрежесінде өтеді. 

Матеус Николау UFC рейтингінде 7-орында тұрған спортшы. Асу болса 14-орынға жайғасқан. 

Қазақстандық спортшы осыған дейін өткізген 3 жекпе-жегінде де жеңіске жетті. Біреуінде қарсыласын уақытынан бұрын ұтып шықса, екеуінде төрешілер шешімімен басым болды.