18.10.2024, 17:20

«Обал болды, себебі ол бәрін жоғалтты»: Жанқош Тұраровтың әйелі боксшыға қатысты пікір білдірді

Фото: @klarita_os

Боксшының әйелі өз өмірінде де мұндай жеке мәселелер бар екенін тілге тиек етті.

Қазақстандық танымал боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса ресейлік боксшы Дмитрий Бивол мен Екатерина Биволға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Боксшының әйелі өз өмірінде де мұндай жеке мәселелер бар екенін тілге тиек етті.

«Бивол туралы сұрай бермеңіздерші. Өзіміз де жетісіп тұрған жоқпыз. Идеал адам болмайды ғой. Менің ойымша, Катяға обал деп емес, Димаға обал болды деген дұрыс шығар. Себебі, ол бәрін жоғалтты. Отбасын, балаларын, әйелін, титулдарын. Ал Катя аяққа тұрып кетеді, ин ша Алла», – деп жазды Клара Иса.