Америкалық маман енді бокстан ұлттық құраманың физикалық дайындығына жауапты болады.
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер қатарына Геннадий Головкиннің бапкері болған маман қосылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин және Садриддин Ахмедовтің соңғы жекпе-жегінде физикалық даярлығына көмектескен Кристофер Камачо Қазақстанға жұмыс істеуге келді. Америкалық маман енді бокстан ұлттық құраманың физикалық дайындығына жауапты болады. Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп боксшылардың физикалық дайындығына арнайы америкалық маманды алдырған.
Айта кетейік, Камачо Головкиннен бөлек Хабиб Нурмагомедов, Кейн Веласкес, Даниэль Кормье, Люк Рокхолд пен Брэндон Адамс секілді мықтыларға да көмектескен.