21.10.2024, 19:20

Трансгендер деп айыпталған алжирлік боксшы әуесқой бокстан кететін болды

Фото: Richard Pelham / Getty Images

Олимпиада чемпиондары кәсіпқой бокста өте жоғары бағаланады.

Париж Олимпиадасының чемпионы, трансгендер деп айыпталған алжирлік боксшы Иман Халифа әуесқой бокстан кетіп, кәсіби боксқа ауысатын болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

«Жақын арада мен кәсіпқой боксқа ауысамын, ол жақтан көптеген қызықты ұсыныс түсті. Олимпиада чемпиондары кәсіпқой бокста өте жоғары бағаланады. Бірақ мен өз кәсіпқой карьерамды қайдан бастайтынымды әлі шешкен жоқпын», - деп жазады Иман Хелифтің сөзін En Nahar.

Естеріңізге сала кетейік, Иман Хелиф 2024 жылдың жазында Париж Олимпиадасының чемпионы атанғаннан кейін әлемдік танымал тұлғалар оны трансгендер деп айыптаған болатын.