24.10.2024, 04:30

Мексикалық боксшы Головкинге үлкен үміт артып отырғанын айтты

Фото: champinon.info

GGG боксты Олимпиадада алып қалуды өзінің басты міндеттерінің бірі деп атағаны белгілі.

Мексикалық боксшы, кәсіпқой бокстан бұрынғы әлем чемпионы Оскар Вальдес орта салмақтың экс-чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасында сақтап қалу үшін бар күшін салатынына сенімді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке cілтеме жасап.

Естеріңізде болса, еліміздің ҰОК басшысы Головкин өткен айда World Boxing ұйымының олимпиадалық комиссиясының төрағасы атанды. GGG боксты Олимпиадада алып қалуды өзінің басты міндеттерінің бірі деп атады.

«Бокс Олимпиада ойындарынан шығып қалса, өте аянышты болатын еді. Оны бағдарламадан шығарып тастаған сәтте көпшіліктің жүрегі ауыратыны анық. Олимпиадада өнер көрсетуді армандайтын жас спортшылардың қанатын кесіп тастағанмен тең ғой. Мен осыны уайымдаймын», - деді Вальдес Izquierdazo Boxeo-ге берген сұхбатында.

Айта кетейік, Халықаралық олимпиада комитеті 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарында бокс турнирлерін ұйымдастырумен айналыспайтынын алға тартып, нақты шаралар қабылданбаса, бокс Олимпиададан шығатынын ескерткен.