24.10.2024, 12:00

Шавкат Рахмонов жекпе-жегіне дайындалу үшін АҚШ-қа аттанды

Фото: instagram.com/darteam.kazakhstan

Сәт сапар, Шавкат!

UFC-дің жартылай орта салмақтағы жауынгері Шавкат Рахмонов чемпиондық жекпе-жегіне дайындалу үшін АҚШ-қа аттанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өз мансабында жеңіліс таппаған қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпиондық титулы сарапқа салынатын жекпе-жекке дайындалу мақсатында АҚШ-қа аттанды.

Бұл туралы DAR Pro Team жауынгерлік клубы Instagram желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді.

"Біздің командамыздың жауынгері Шавкат Рахмонов АҚШ-тағы Килклиф жаттығу базасына алдағы титулдық жекпе-жекке дайындалу мақсатында аттанды. Сәт сапар, Шавкат", - деп жазды DAR Pro Team жауынгерлік клубы.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов 7 желтоқсанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында UFC 310 турнирінде жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммадқа қарсы кездесу өткізеді. Бұл жекпе-жек Шавкат Рахмонов үшін UFC-дегі жетінші кездесуі болмақ.