24.10.2024, 19:20

FIFA-ның жаңартылған рейтингінде ел құрамасының орны анықталды

Фото: ҚФФ

Екі сатыға көтерілді.

Футболдан соңғы 8 ойында жеңіске жетпеген Қазақстан құрамасының FIFA рейтингіндегі орны өзгерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

FIFA футболдан ұлттық құрамалардың рейтингін жаңартты. Қазақстан ұлттық құрамасы халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) жариялаған рейтингте екі сатыға көтерілді. Қазақстан құрамасы жаңартылған рейтингте 107-орынға жайғасты.

FIFA рейтингі. 

1. Аргентина – 1883.5 ұпай;

2. Франция – 1859.85;

3. Испания – 1844.33;

4. Англия – 1807.83;

5. Бразилия – 1784.37;

6. Бельгия – 1761.27;

7. Португалия – 1752.68;

8. Нидерланды – 1784.24;

9. Италия – 1729.4;

10. Колумбия – 1724.97.

107. Қазақстан – 1186.46 ұпай.

Айта кетейік, Станислав Черчесов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында 4 ойын өткізіп, үшеуінде жеңіліп, бір рет қарсыласпен тең түсті.